1 қыркүйек – білім мен жаңа бастамалардың жарқын мерекесі.
14.09.2026
1 қыркүйек – білім мен жаңа бастамалардың жарқын мерекесі. Осы айтулы күнге орай «Қоқиқаз» мектепалды тобында шағын мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар мерекелік шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастады.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер білім туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Балалар жаңа оқу жылына деген жақсы көңіл-күймен бастау алды.
Барша бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік, білімге құштарлық және жарқын жетістіктер тілейміз!
Просмотров: 517