Бос орын
Есепші қажет.
1. Жалпы ережелер:
-
Есепші әкімшілік-шаруашылық персонал құрамына жатады
-
Лауазымға тағайындау және босату білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады
-
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алады
2. Біліктілік талаптары:
-
«Бухгалтерлік есеп және аудит», «қаржы», «экономика» мамандықтары бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы тиіс
-
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн
-
ҚР бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс
3. Білуі тиіс:
-
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын
-
Салық заңнамасын
-
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін
-
Қаржылық есептілікті жасау және тапсыру тәртібін
-
Еңбек заңнамасының негіздерін
-
Құжат айналымы ережелерін
-
Бухгалтерлік бағдарламаларды (1С, Excel және т.б.)
4. Лауазымдық міндеттері:
-
Ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу
-
Қаржылық есептілікті дайындау және тапсыру
-
Жалақы және басқа да төлемдерді есептеу
-
Материалдық құндылықтардың есебін жүргізу
-
Бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау
-
Қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету
5. Жауапкершілік:
Есепші келесі үшін жауап береді:
-
бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің дұрыстығына
-
есептеулердің дәлдігіне
-
бухгалтерлік құжаттардың сақталуына
-
қаржылық тәртіптің сақталуына
6. Жұмысқа қабылдау шарттары:
-
Медициналық рұқсаттың болуы
-
Соттылығының болмауы
-
Еңбек тәртібін сақтау.