Отбасы күні

15.05.2026

15 мамыр — Отбасы күніне орай «Балауса» бөбекжайында ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ата-аналар өз отбасыларын таныстырып, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар дайындалған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Кеш соңында бөбекжай меңгерушісі Заря Қайратқызы барша ата-аналарды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыстады.

Іс-шара өте әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер әр отбасының бірлігі мен татулығын нығайта түсетіні сөзсіз.

Барша отбасына береке, бірлік, амандық тілейміз!

Просмотров: 2874


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу