«Таза Қазақстан» акциясы

04.05.2026

Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері ата-аналарымен және ата-әжелерімен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында, бөбекжай меңгерушісі Заря Қайратқызының бастамасымен ауламызға көрік беретін жасыл шырша ағаштарын отырғызды. Бұл игі іс – тек табиғатты көркейту ғана емес, балалардың бойына қамқорлық пен жауапкершілік сезімін сіңірудің жарқын үлгісі. Отырғызылған әрбір ағаш жылдар бойы жайқалып өсіп, бүгінгі бүлдіршіндермен бірге бой түзеп, олардың балалық шағының әдемі естелігіне айналады деген сенімдеміз. Осы игі бастамаға белсене қатысып, өз үлестерін қосқан барша ата-аналарға бөбекжай ұжымы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлігіміз артып, осындай игі істеріміз көбейе берсін!

Просмотров: 3258

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу