Педагогтар арасында «Денсаулық құпиясы» атты көңілді әрі тартысты спорттық іс-шара өтті.
30.01.2026
«Балауса» бөбекжайында педагогтар арасында «Денсаулық құпиясы» атты көңілді әрі тартысты спорттық іс-шара өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және белсенді демалысты ұйымдастыру.
Жарысқа «Қайсар рух» және «Парасат» командалары қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен қайсарлығын көрсете білді. Қорытындысы бойынша I орынды «Парасат» командасы, II орынды «Қайсар рух» командасы иеленді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар дипломдар мен медальдармен марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Мұндай спорттық сайыстар педагогтардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдағы ынтымақ пен татулықты арттыруға зор үлес қосады. 🏅💪
Денешынықтыру нұсқаушысы:Жортугулова Татьяна