«Әке мен бала – сенім мен жауапкершілік»

23.01.2026

23.01.2026 жыл 
Балауса бөбекжайында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қоқиқаз тобының тәрбиеленушілері мен олардың әкелерінің қатысуымен «Әке мен бала – сенім мен жауапкершілік» атты тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әкенің отбасындағы рөлін айқындау.
Кездесу барысында әкелер мен балалар мақал-мәтелдер айтып, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қой қырқу көрінісі көрсетіліп, балаларға оның мәні мен маңызы түсіндірілді.

Іс-шара жылы атмосферада өтіп, балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Тәрбиешілер: Баймуханова Ж.К
Омарова Г.А.

Просмотров: 2411

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу