БОС ОРЫН ТУРАЛЫ ХАБАРАЙМЫЗ!!!
БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Балауса» бөбекжайы педагогтың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Бос лауазым: әдіскер
Бос жұмыс орнының саны: 1 бірлік
Жұмыс орнының мекенжайы: Қорғалжын ауылы, Абай көшесі 32
Құжаттарды қабылдау мерзімі: «08» қазан 2026 жыл мен «16» қазан 2026 жыл аралығы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімінің болуы;
-
Әдіскер лауазымына қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкестігі;
-
Кәсіби құзыреттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру дағдыларының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
-
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер.
-
Кадр есебі жөніндегі жеке парақ.
-
Білімі туралы дипломның және оған қосымшаның көшірмелері.
-
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда).
-
№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
-
Біліктілік санатын немесе сертификаттау нәтижесін растайтын құжат (болған жағдайда).
-
Қағидаларда көзделген өзге де құжаттар (қажет болған жағдайда).
Конкурсқа қатысу тәртібі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар бос лауазымға өтінімді Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ/НОБД) педагогтерді жұмысқа қабылдау модулі арқылы береді.
Электрондық платформа: https://hr-nobd.edu.kz
Қосымша ақпарат алу үшін:
Байланыс телефоны: 87022826970
Электрондық пошта: balausabalabakshab@mail.ru
Бөбекжай әкімшілігі